Қазақстан • 01 Маусым, 2017

«Үркер-2017» ұлттық байқауындағы қазылар алқасы құрамы белгілі болды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық байқауына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің үздігін анықтайтын қазылар құрамы да белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Досымбек Өтеғалиев айтты.

«Үркер-2017» ұлттық байқауындағы қазылар алқасы құрамы белгілі болды

«Үміткерлер ұсынған материалдарды кәсіби журналистер мен танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құралған  қазылар алқасы сараптап, сұрыптайды», деді Досымбек Өтеғалиев. 

Спикердің айтуынша, қазылар алқасының құрамында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев, мемлекеттік және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Сақ, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар  Манкеев, «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Юлия Кучинская, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Александр Тараков, Өңірлік БАҚ альянсының жетекшісі Әлібек Әлденей, саясаттанушы Расул Жұмалы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, "Атамекен" ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығының «farmers.kz»  порталының жетекшісі Мейрамхан Жәпек, әдеби сыншы Амангелді Кеңшілікұлы бар.